Шығыс Қазақстанда 12 жастағы бала жоғалып кетті
Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан 12 жастағы бала жоғалып кетті.
Тамирлан Ахмеджанов тамыздың 14-і күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жарты сағаттан соң ата-анасы полицияға қоңырау шалған.
Олжас Керейхан,тілші:
Бала әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына жергілікті полиция және Ұлттық ұланның сарбаздарын қосқанда 500-ден аса адам жұмылдырылды. Оған еріктілер де қосылды. Кешелі бері Тамирлан Ахмеджанов тұратын бау-бақша серіктестігінің аумағын түгел тінтіп шықты. Сол маңдағы арық, су өткізетін құбырлар да қаралып жатыр. Бірақ әзірше нәтиже болмай тұр. Тамирлан Ахмеджановтың суреті мен киген киімі және жеке ерекшеліктері жазылып таратылған парақшада оның аутизмге шалдыққаны жазылған. Тілі де әлі шықпаған. Бірақ аяқ-қолы сау көрінеді. Сондықтан жеткіншек туралы әрбір дерек маңызды. Іздеу жұмыстары түні бойы тоқтаған жоқ. Квадрокоптермен әуеден бақылау да жүргізілуде.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27