Голландиядан келген спортшылар жол шығындарын өтеп беруді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голландиядан келген спортшылар жол шығындарын өтеп беруді сұрайды

12.08.2022

Голландияда өткен әлемдік додада ел намысын қорғап келген таеквондошылар жол шығынына кеткен қаржыны өз қалталарынан төлеуге мәжбүр болғанын кешегі хабарымызда айтқан болатынбыз. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Ақтөбеде өнер және спорт саласының мамандарымен кездесуінде осы мәселе тағы көтерілді.

Азамат Шотанов, жаттықтырушы:

Үкімет бізге қаржы жағынан көмек берсе, жолға, форумға, біз балаларды көтереміз. Жол бермей жатыр. Жол бермегенде, бізді жауып тастады 1 айға есеп қабылдамай, болды.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Халықаралық федерация бар, олардың аккредитациясын тоқтатқан. Оны тоқтатқаннан кейін біздің олимпиадалық комитет олардың аккредитациясын тоқтатқан. Содан кейін біз амалсыздан 1 айға лицензиясын тоқтаттық. Біз Нұр-Сұлтанға барғаннан кейін анық-қанығын білеміз неге тоқтатқанын.

Дегенмен, өңірде спортқа қолдау бар. Тек осы жылы балалар ойын алаңдарын есепке алмағанда 30-дан аса нысан пайдалануға берілуі тиіс. Жуырда ғана триатлон паркі пайдалануға берілді. Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.Өңірде футбол жанкүйерлері өте көп. Кейбір ойындарға көрермендер сыймай қалып жатады. Министр облыстан сұраныс болса, қазіргі стадионды үлкейтуге қолдау көрсетуге дайын екенін де жеткізді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу