Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

12.08.2022

Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндады. Терроризмге қарсы орталықтың жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл күшейтілгенін атап өтті. Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі міндеттердің атқарылуын жеткізді.

Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Хабарламаларға жазылу