«Google салығы» бойынша Қазақстан бюджетіне 3 млрд теңге аударылды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарының мәліметінше, бұл салықты тек шетел компаниялары төлейді. Қазір еліміздің азаматтарына тауар өткізіп, қызмет көрсетіп жатқан 30-дан астам компания бар. Аталған салық нормасы бойынша, бірінші тоқсанда 2,6 млрд теңге төленсе, 8 айдың ішінде бюджетке 3 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Екінші тоқсан бойынша салық төлейтіндер 25 тамызға дейін рәсімдерді жүргізе алады. Салықтың бұл түрі 2022 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Қазақстандықтарға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялар қосымша құн салығын төлеу жөніндегі норма күшіне енген. Яғни тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компания Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын төлеуге міндетті. Оның көлемі - 12%.
Раушан Сайлауқызы