Норвегияда Абай шығармаларына сұраныс жоғары
Норвегияда Абайдың шығармаларына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Еліміздің Норвегиядағы елшілігінің бастамасымен хакімнің қара сөздері мен таңдамалы поэзиясы былтыр норвег тіліне аударылған болатын. «Сиркел Форлаг» баспасынан 1500 данамен басылып шыққан құнды еңбек елдің кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылды. Баспагерлер қазір ғұламаның шығармаларын Норвегияның мектеп оқулықтарына енгізуді ұсынуда. Айтуынша Абайдың туындылары - ғасырлар бойы маңыздылығы арта түсетін әлемдік мұра.
Осхильд Кулос, «Сиркел форлаг» баспасының редакторы, баспагер:
Абайдың туындылары ғажап. Оны әр адам оқуы тиіс. Философиясы барша адамзат үшін маңызды. Құнды шығармалары Норвегия мектептерінің оқулықтарына енгізілсе дейміз. Норвег тілінде шыққан кітабын Лондон мен Франкфурттағы кітап жәрмеңкелеріне апаруды жоспарлап отырмыз. Қазақ халқы осындай ұлы тұлғасын мақтан тұтуы тиіс. Абайдың туған жерін көру үшін алдағы уақытта Қазақстанға сапарлаймын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03