Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындарының алауы тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындарының алауы тұтанды

09.08.2022

Түркияның Конья қаласында бесінші Ислам ынтымақтастық ойындарының алауы тұтанды. Оған әлемнің 56 елінен 4,5 мыңнан аса спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасының мүшелері спорттың 16 түрі бойынша бақ сынауда. Жерлестеріміздің еншісінде қазірдің өзінде 5 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Велотректен Рината Сұлтанова жарыстың 3 дүркін жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында Артем Захаров алтыннан алқа тағынды.



Хабарламаларға жазылу