«Ауыл аманаты» жобасын таныстыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілген еді. Жоба аясында ауыл тұрғындары жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын жеңілдетілген несие ала алады. Кооператив құру, техниканы лизингке рәсімдеу кезінде көмек алуға болады. Бағдарлама тетіктерін ауылдықтарға түсіндіру үшін партия мүшелері ауқымды ақпараттық марафонды бастаған. Олар Шығыс және Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Қызылорда мен Ұлытау облыстарындағы 116 ауылдық округті аралап үлгерді. Бір ғана шығыс өңірде партия мүшелері 18 елді мекенде болып, 700-ге жуық тұрғын жоба жайлы ақпаратқа қанықты. Ақмола облысында 42 ауылдың тұрғындары табысты арттыру бағдарламасының жай-жапсарымен танысты.
Зайра Усувалиева, бизнес-тренер:
Бұл осы бағдарламаның аясында еліміздегі барлық ауылдардың әлеуетін анықтау, ол үшін отбасыларыңызда қандай мүмкіндіктер бар? Біреуде жер бар, біреуде малы бар шығар. Біреудің техникасы бар., біреудің басқа да салаға икемі бар шығар. Осындай экономикалық икемділіктеріңізді анықтап, осындай дайын бағытта кәсіп ашуды үйрету.
Раушан Сайлауқызы