Оңтүстік Кореяда тасқыннан 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда тасқыннан 7 адам қаза тапты

09.08.2022

Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен оның айналасында төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, 7 адам қаза тауып, алтауы жоғалып кеткен. Сеулдің Гангнам ауданының көшелері өзенге айналып, талай көлік судың астында қалды. Ал қоғамдық көлік жүйесіне үлкен салмақ түсіп отыр. Өйткені 80 шақты жол жабылғандықтан, метромен жүретін жолаушылар күрт көбейді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл апаттан 800-дей ғимарат зардап шегіп, 400-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қаладағы жағдай тіпті қиындауы мүмкін. Өйткені Сеул аймағында жаңбыр бүгін де жалғасады деген болжам бар.

Хабарламаларға жазылу