Астана күні қарсаңында ресейлік шоу-бизнес өкілдері ізгі ниеттерін білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күні қарсаңында ресейлік шоу-бизнес өкілдері ізгі ниеттерін білдірді

06.07.2016
Астана күні қарсаңында ресейлік шоу-бизнес өкілдері ізгі ниеттерін білдірді

18 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан елордамыз, бұл күндері, дәулетіне сәулеті сай көрікті құтты мекенге айналып отыр. Астана күні қарсаңында ізгі ниеттерін білдірген ресейлік шоу-бизнес өкілдері осындай жүрекжарды пікір білдірді.  Әлемнің талай қаласын шарлаған өнер жұлдыздары, Астананы өзге мегаполистерге ұқсамайтын ерекше шаһар  дейді. Себебі қаланың қонақжай халқынан бастап, батыс пен шығыс әлемнін біріктірген ерекше сәулетіне дейін шетелдіктерді таң қалдырады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу