Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын Мәскеу жұртшылығы жақсы біледі. Себебі Ресей астанасында Глинка атындағы музыкалық мәдениетке арналған үлкен музей бар.
Мәскеудегі музыкалық мәдениет музейінің ашылғанына 112 жыл болды. Әлем халықтарының 3 мыңнан аса музыкалық аспабы бар бұл мекемеде, төрткүл дүниедегі ең үлкен коллекциялардың бірі сақталған.
Музейде қазаққа қатысты экспонаттардың 30 данасы бар. Ішіндегі ең көнесі 200 жылдан асқан мына бір шағын домбыра. Батыс Қазақстаннан әкелінген бұл аспаптың қақпағы балықтың терісінен жасалған.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ