Абай облысындағы ең ірі «Көкжыра» кооперативінде дау әлі басылар емес
Абай облысындағы ең ірі «Көкжыра» кооперативінде дау әлі басылар емес. Бірер ай бұрын тұрғындар «ұжым басшысы 371 адамды кооператив мүшелігінен заңсыз шығарып тастады»- деп шағымданған. Өздерінің пай үлестерін қайтарып, кооператив бастығының жұмыстан кетуін талап еткен еді. Алайда, шаруашылық жетекшісінің дауға қатысты өз уәжі бар. Айтуынша заңды түрде кооперативте тек 53 адам тіркелген. Өзге тұрғындардың тізімде жоқ болуы 1996 жылы жасалған құжатта кеткен қателіктен- дейді ол. Сондықтан, өз үлесін сұраған халық мәселені сот арқылы шешуі тиіс- деп отыр.
Бағдат Сағынаев, «Көкжыра» кооперативінің басшысы:
Жалпы «Көкжыра» өндірістік кооперативі 96 дан бері қарай Әділет басқармасында тіркеуде. Сол азаматтардың көбі жоқ. Енді дәлелдесе, дәлелдесін. Оған менің қарсылығым жоқ. Көпке топырақ шаша алмаймын. Көбінің қолында «Көкжыра» ұжымының жер актісі бар. Ал «Көкжыра» өндірістік кооперативінің жер актісі жоқ. Бәрімізде солай. Көк қағаз берген кезінде. Алғаш совхоздан, ұжымға кірген кезде. Сол күйі біз заңды ізденбегенбіз. Кінә бір жағынан, өз басым өзімнен көремін. Өйткені, көк қағазды мен әрі қарай заңдастырған жоқпын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09