Шымкент қаласының 2200 жылдығына байланысты форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының 2200 жылдығына байланысты форум өтті

16.10.2014
Шымкент қаласының 2200 жылдығына байланысты форум өтті

Шымкентке - 2200 жыл. Қала әкімдігінің қолдауымен 10 жыл бойы қазба жұмыстарын жүргізген отандық археолог ғалымдар осылай дейді.

Дегенмен мұны ЮНЕСКО деңгейінде танытып, әлем ғалымдарының көзін жеткізген жөн. Осы мақсатта «Шымкент – 2200 жылдық тарих» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға қатысқан аты әлемге белгілі ғалымдар мен Қазақстанның тарихшылары кеңестік ғалым Добросмысловтың зерттеген дәйектеріне сүйене отырып, Шымкент XIII ғасырларда пайда болған деген тұжырым жасағанын айтады.

Ал, еліміздің бірқатар археологтары моңғол шапқыншылығына дейін Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар қаласы Фараб, Сайрам қаласы Исфиджаб деп аталған болса, Шымкент қаласы Луджикет деген атауымен белгілі болған,- дейді.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу