Ресейде бір тәулікте 14 638 коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте 14 638 коронавирус жұқтырған

04.08.2022

Ресейде өткен тәулікте 14 638 адамнан коронавирус анықталды. Мұны «ТАСС» агенттігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, ковид жұқтырғандар саны сәуірдің 6-нан бері осылайша ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Сонымен қатар, елдің 34 аймағында бұл вируспен ауруханаға түскендердің көбейгені байқалады. Ал 45 аймақта госпитальге жеткізілген пациентттер керісінше азайған.

Ресейдің коронавируспен күрес орталығының мәлімдеуінше, Федерация аумағында ковидтан қайтыс болғандар саны кейінгі бір күнде 43 адамға көбейген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу