Елімізде тұрғын үйді газға қосу үшін қажетті техникалық талаптар жеңілдейді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу Комитеті хабарлады. Техникалық құжаттар тізбегін қысқарту - газдандыру мәселесін жеңілдетеді. Сондай ақ оны жылдамдатады дейді мамандар. Үйді газға қосу үшін азаматтарға бұрын сегіз құжат қажет болса, бұдан былай төртеуі жеткілікті. Ал заңды тұлғалар үшін бес құжат талап етіледі.
Руслан Гасанов, ТМР комитеті мұнай және газ тасымалдау саласындағы реттеу басқармасының басшысы:
Мәселен жеке тұлғалар үшін нысан иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелгені туралы мәлімет, жер учаскесіне тіркелгені туралы және газдандырылатын объектінің техникалық паспорттың көшірмесі жеткілікті. Жұмысты осылай оңтайландыру – газбен қамту мәселесін жеңілдетпек.