АҚШ Украинаға қолдау көрсетуді бәсеңдетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға қолдау көрсетуді бәсеңдетуі мүмкін

29.07.2022

Британиялық «Таймс» газетінде осындай мақала жарық көрді. Автордың пікірінше, бұған қарулы қақтығыстың ұзаққа созылуы әсер етіп отыр. Құрама Штаттардың ішкі саясаттағы, экономикадағы мәселелері де Киевке деген қолдаудың азаюына әкелуі мүмкін.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, АҚШ экономикасына рецессия қаупі төніп тұр. Елдің жалпы ішкі өнімі екі тоқсан қатарынан төмендеді. Азық-түлік, бензин және басқа да тауарлардың бағасы 1981 жылдан бері болмаған қарқынмен өсіп жатыр. Инфляция деңгейі маусымда 9,1 пайызға жеткен. АҚШ-тың Орталық банкі болса, осы аптада пайыздық мөлшерлемелерді тағы өсірді. Несие алуды қымбаттату арқылы Федералдық резерв үйлер мен көліктерге жұмсалатын шығындарды қысқартады деп үміттенеді. «Дегенмен сұраныстың төмендеуі экономиканың оңалуына жағдай жасамайды», – дейді экономист сарапшылар.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу