Елімізде шикізат өндіруге мүмкіндік көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шикізат өндіруге мүмкіндік көп

28.07.2022

Есесіне елімізде шикізат өндіруге мүмкіндік көп. Тек кен орындарының көбі зерттелмеген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі енді барлау жүргізуге жеке инвесторларды тартпақ. Мамандар миллиардтаған тонна мұнай мен газ осы аз зерттелген аумақтардан табылауы мүмкін деп болжады. Қазір Қазақстанда 15 шөгінді бассейн бар. Бұл орындардан 76 млрд тоннаға дейін шикізат алуға болады. Ал бес бассейнге әлі толық барлау жүргізілген жоқ. Бұл Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс аумағы. Мұндағы ресурс құны 5 млрд теңгеге жуық. Жаңа бағдарлама жеке инвесторларға өз қаржысына зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жұмыс істеу үшін арнайы лицензия енгізіледі. Бұл инвестициялық жобаны құқықтық негізде қорғауға тиімді.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу