Юнус Эмре – түркі дүниесінің ғұламасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юнус Эмре – түркі дүниесінің ғұламасы

11.10.2014
Юнус Эмре – түркі дүниесінің ғұламасы

Түркі дүниесінің ғұламасы Юнус Эмренің діни әндері түбі бір түркі елдерінің тілдеріне аударылды. Енді оқырмандар Қожа Ахмет Ясауи ізбасарының құнды еңбектерін қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен және әзірбайжан тілдерін оқи алады.

Жобаның мақсаты – түркі халықтарының тұлғаларын бір-біріне  жақыннан таныту. Туындыларды қазақ тіліне тәржімалаған Түркиядағы қандасымыз, белгілі ақын - Құддыс Шолпан.

Өлеңдердің тұсау кесуі Анкарада өтті. Мұнда музыкалық оркестр Юнус Эмренің әндерін 6 тілде орындап шықты. 

Түркия астанасынан кейін шара 17 қазан күні Алматы қаласында қаласында жалғасатын болады.

Бақытжан ОМАР

 

Хабарламаларға жазылу