Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ке өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ке өсті

27.07.2022

Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ке өсті. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, былтырмен салыстырғанда билет 21%-ке қымбаттаған. Елдегі ірі әуе компаниялары халықаралық бағытқа арналған билет бағасының өсуіне доллардың қымбаттауы әсер етті дейді. Ал енді бірі бұған авиациялық отын, қосалқы бөлшектерді сатып алу және жеткізу шығыны мен инженерлік-техникалық қызмет көрсету бағасының өсуі түрткі болғанын айтады. Жауаптылар жаз маусымында ел ішіндегі сапарлар үшін билеттің қымбаттауын сұраныстың көбеюімен байланыстырып отыр. Бір ғана әуе компаниясы биыл 1 млннан аса жолаушы тасымалдаған. Бірақ билет бағасының өскеніне қарамастан, қазақстандықтар шетелге жиі саяхаттайды. Компаниялар мәліметіне сәйкес, азаматтар Түркия, Таиланд пен Біріккен Араб әмірліктеріне жиі сапарға шығады екен.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу