Басты Жаңалықтар Жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды

Жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды

Маңғыстау облысында жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды. Оның аясында 63 жеңімпазға 1 млн теңгеге дейін грант беріледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдаған жоба - 18 бен 28 жас аралығындағы жастарға арналған. Оған бизнес идеясы бар жұмыссыз жастар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-ана, «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, ата-ана қарауынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ, бұл тізімге жатпайтын бірақ, әлеуметтік жобасы бар жастар да үміткер бола алады. Өтінім онлайн түрде, zhasproject-mangystau.kz сайты арқылы, 10-шы тамызға дейін қабылданады. Үздік жобаларды арнайы комиссия анықтайды. «Zhas project» жобасы 2 жыл бұрын да жүзеге асқан. Ол кезде 300-ге жуық адам грант жеңіп алған еді.

Наурызбек Мағдатов, «Zhas project» жобасының маңғыстау облысы бойынша жетекшісі:

Жас прожект бұл жақсы тәжірибелі жоба. өз нетижесін көрсеткен жоба. сондықтан облыс жастары осы мүмкіндікті пайдаланып, 1 млн гран иегері атанып, өзінің кәсібін немесе әлеуметтік иедеясындағы жобасын жүзеге асыруға үлес қоса алады деп есептеймін. Сондықтан облыс жастарын осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын.

Аягөз Оралбайқызы

Бөлісу