Германияда мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді
Германияның Франкфурт, Мюнхен, Берлин, Кёльн қалаларының әуежайларында мыңдаған рейс кейінге шегерілді. Себебі жетекші әуекомпаниясының қызметкерлері жұмысқа шықпай, ереуілдетіп жатыр. Олар басшылардан жалақыны 9,5 пайызға көтеруді талап етуде. Үш күнге созылатын ереуілдің кесірінен 134 мың жолаушы баратын жеріне жете алмай, билеттерін өзгертуге мәжбүр. АҚШ пен Қытайға ұшатын рейстердің жолаушылары наразылықтарын білдіріп, компаниядан моральдық, материалдық шығын үшін өтемақы талап етуде.
Джон Спойлес, жолаушы:
Мен Сан Францискоға ұшуым керек еді. Ұшақтан қалып қоймайын деп әуежайға төрт сағат бұрын келіп тұрсам, бұлар ұшпаймыз дейді. Енді мен өз қаржыма тағы бірнеше күн қонақ үй жалдауға мәжбүрмін.
Марвин Шнейтц, жолаушы:
Әуекомпанияның кесірінен мен маңызды басқосудан қалдым, шығынға белшеден баттым. Енді соны қайтармаса, сотқа арызданамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47