Англияның денсаулық сақтау қызметі ел тарихындағы ең үлкен кадрлық дағдарысқа тап болды.
Медицина саласына 40 мыңға жуық медбике мен 8 мыңнан астам дәрігер жетіспейді. Ковид қайта белең алған тұста бұл жығылғанға жұдырық болып тұр. Әсіресе перзентханаларға мамандар ауадай қажет. Тек өткен жылы 500-ден астам акушер жұмыстан шығып кеткен, өткен 3 жылмен салыстырғанда штаттағы дәрігерлер саны 700 адамға азайған. Қаржының тапшылығына байланысты кейбір бос жұмыс орындарына маман іздестіріліп те жатқан жоқ.
Джереми Хант, Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек комитетінің төрағасы:
Ковид пандемиясынан кейін әлі де жағдай түзелмеді, сала қызметкерлері бұл мәселені шешудің оңай жолы жоқ екенін біледі. Бірақ мәселені шешеміз. Жаңадан сайланатын премьер-министр осы мәселеге басымдық беруі тиіс.
Марина Бекенова