Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің этикасына байланысты 542 мәселе тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің этикасына байланысты 542 мәселе тіркелген

22.07.2022

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің этикасына байланысты 542 мәселе тіркелген. Ал үстеме жұмысқа заңсыз тартылған қызметкерлерге 38 миллион теңгеден астам ақшалай өтемақы төленді. Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев өткен алты айды қорытындылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке орналасу талаптарында өзгерістер енгізілмек. Яғни бұдан былай жоғарғы оқу орнын немесе колледжді үздік бітірген жас маман аудандық әкімдікке конкурстан өтіп, тест тапсырмай-ақ қызметке орналаса алады.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Бұл біріншіден жас мамандарымызды төменгі лауазымнан бастап, жұмыстарын атқарып және жергілікті жердегі жұмысқа үйрету.Қазір заң жобасы мәжілістің қарауында. Қыркүйек айынан бастап мәжіліс жұмысын бастаған кезде біз комитеттермен жұмыстарды жүргіземіз.

Хабарламаларға жазылу