Аманат партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесіп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысының игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы нақты тапсырма бергенін атап өтті. Аталған жұмыс еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр. Соңғы бірнеше айда комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы 160 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:
Негізгі мақсаты осы пайдаланылмай жатқан, заңсыз берілген жерлерді елге, мемлекетке қайтарыр беру. Енді осының аясында бізде Жетісу өңірі бойынша айтатын болсақ, 41 мыңнан атсам га жер Жетісу өңірі бойынша осы мемлекет меншігіне қайтарылды.