Cловенияда алапат орман өртіне байланысты үш бірдей ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.
От 2 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Осының әсерінен Бірінші дүниежүзілік соғысынан бері жерде жатқан оқ-дәрілер жарылып жатыр.
Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл соңғы 30 жылдағы ең алапат өрт. Словениялықтарға тілсіз жаумен күреске көршілес мемлекеттің мамандары көмектесіп жатыр.