Елордалық дүкендерде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді саудалауға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық дүкендерде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді саудалауға тыйым салынды

19.07.2022

Елордалық дүкендерде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді саудалауға тыйым салынды. Себеп - құрамындағы қосындылардың шектелген нормадан артық болуы. Зертханалық-сараптамалық тексерістен өткен өнімдердің 19 пайызында зиянды заттар артығымен анықталды. Олардың құрамы Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық талаптарына сай емес. Қазір сауда нүктелеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан бұзушылықтарды жою үшін тиісті ұйғарым жіберілді. Кәсіп иелері өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар мен таратушы туралы ақпарат беруі керек. Ақпаратты бермеген жағдайда сотқа жіберіледі.

Қарлығаш Әбдішева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Сол партия бойынша, шығарылған күні бойынша, өнімнің бір партиясына ғана қатысты. Егер де бірнеше партияда қайталанған жағдайда осындай бұзушылық табылса, партиялардың барлығы алынып тасталады.

Хабарламаларға жазылу