«Шаңырақтан» шаңырақ ала алмай отырмыз! Осылай деген бас шаһардың бір топ тұрғыны базына айтып, банктің орталық филиалына барды. Уәде еткен пәтерлердің неге берілмей жатқанын түсіндіруді талап етті.
Кезекте тұрғандар бағдарлама бойынша талап еткен құжатты жинап, «Отбасы банкке» тапсырған. Төлем қабілеттілігін растап, бастапқы жарнасын құйып қойған. Деседе баспана алуды арман еткендер несиенің нақты қашан берілетінін біле алмай жүр. Себебі бастапқы жарнаға әкімдік берген 1 жарым миллион теңге сомасындағы тұрғын үй сертификатының мерзімі өтіп кете ме деп уайымдайды. Өйткені, ол 15 жұмыс күніне ғана жарамды. Банк пен әкімдіктегілер оларды сабырға шақырып, сертификатты қайтадан алуға болатынын айтты. Филиал директоры болса, кезек күткен 200-ге жуық тұрғынға несие беру үшін шамамен тағы да 4 млрд теңге қажет екенін айтады.
Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры:
Маңдайымызға жазған шығар. Осындай жағдайға келдік. Қазір ақшадан шамалы үзіліс болып тұр. Бірақ тоқтап қалды. Ешкім алмайды деген әңгіме жоқ. Барлық өткен адамдар алады. Үйлеріңізге кіресіздер. 141837-50 Соңғы екі апта, бір айдың ішінде мәселе бар. Өтінімдердің барлығы қабылданды. Қайтарылған ақша есебінен біз беріп жатырмыз, кезең-кезеңімен шақырып. Тізім қалыптасты. Сол тізімге сәйкес, 22-27 маусым күндері 47 адам бізден бастап алады. Ешкім тоқтап қалмайды.