Ақтөбе облысындағы жанар май құю бекетіндегі жарылыстың себеп салдарын анықтау үшін комиссия құрылды. Еске салайық, кеше кешікісін Алға қаласындағы жанармай құю станциясында апат болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше екі жанармай цистернасы атылған. Салдарынан бекет пен қасындағы автокөлік жанып кеткен. Үш қызметкер өрт тұтанған кезде бекеттен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алғын ауданының құтқарушылары төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындады. Оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспектор жіберілді.