Қызылорда облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады
Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім болды. Үкімет басшысы зауытқа қажетті инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктерін қарастыруды тапсырды. Жоба инвесторлар күшімен салынады. Зауыт іске қосылса 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Ақтауда көпфункционалды қонақ үй-туристік кешен салу мәселесі талқыланды. Жоба 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Әлихан Смайлов бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық нысандарды аяқтау үшін бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27