Атырауда аттракциондағы әткеншек үзіліп кетті: балалар зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда аттракциондағы әткеншек үзіліп кетті: балалар зардап шекті

18.07.2022
Атырауда аттракциондағы әткеншек үзіліп кетті: балалар зардап шекті

Атырауда ақылы ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, балалар жарақат алды. 

Жандос Темірғали, тілші:

Әткеншек құлаған кезде 4 бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оларды толық тексеруден өткізген дәрігерлер жарақатын жеңіл деп сол күні үйіне жіберді. Оқиға сенбі күні Жайық жағасында орналасқан мына аттракционда болған. Қазір бұл жердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Куәгерлердің сөзінше қатты айналып тұрған әткеншек кенеттен тоқтап, шынжыры үзілген. Сол кезде бірнеше бала жерге құлаған. ПД-і Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр. Балалардың ата-анасы шағым жазбаған. Ал, зардап шеккен бүлдіршіндер учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Айта кетейік, бұл аттракцион саябаққа бір жыл бұрын қойылып, тек биыл ғана пайдалануға берілген екен. Дархан әзірге менде бар ақпарат осы!


Хабарламаларға жазылу