Еуропада пандемияның жаңа толқыны басталды
Еуропада пандемияның жетінші толқыны басталды. Омикронның BA.4, BA.5 деген жаңа түрін тәулігіне 100-200 мың адам жұқтырып жатыр. Вирустың мутацияға ұшыраған түрлеріне тосқауыл қою үшін қарт құрлық елдері қайтадан сақтық ережелерін енгізіп, ревакцинацияны күшейтпек.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Ковид Германия, Франция, Испания, Италия, Грекияда, яғни туризм қызған елдерде өршіп тұр. Сондықтан, дәрігерлер шетелдік туристерге Еуропаға саяхаттар алдында екпе салдыртып келуге кеңес беруде. Себебі, омикронның BA.4, BA.5 деп аталатын жаңа түрлерін жұқтырғандар арасында ауыр халде ауруханаға түсушілер саны көбейген. Германия мен Италияның кей аймақтарында қоғамдық көлікте, ауруханаларда тұрғындарға қайтадан маска кию міндеттелді. Тест тапсырып, ковид жұқтырғаны анықталған азаматтар бес күн оқшаулануы тиіс. Дәрі-дәрмек жөніндегі еуропалық агенттік 60 жастан асқандар мен тәуекел тобындағы азаматтарға бустерлік вакцинаның екінші дозасын салуға рұқсат етті. Сондай-ақ, агенттік өкілдері вирустың мутацияға ұшыраған түрлеріне төтеп беруге қауқарлы жаңа вакцина қыркүйекте бекітілетінін мәлімдеді. Түркияда да соңғы аптада вирус жұқтырғандар күрт артқан.
Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияда да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқанымен әзірге ешқандай шектеу шаралары енгізілмеді. Дегенмен кей мамандар маска тағу режимін қайтарып, 15 жастан төмен балаларға да вакцина салу керек деген ұсыныс жасап отыр. Себебі соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны бес есе көбейген. Қазір туристік маусым болғандықтан вирус жұқтыру ықтималдығы да жоғары. Мамандар тез таралып жатқан короновирустың омикрон ВА4 және ВА5 штаммдары екенін айтады. Ал елдің Денсаулық сақтау министрі вирус жұқтырғандар көбейгенімен, жағдай бірқалыпты екенін мәлімдеді. Себебі вирус анықталғандардың басым бөлігі симптомсыз немесе коронавирустың жеңіл түрі. Ауруханаға жатқандары некен-саяқ. Дегенмен сақтық үшін 50 жастан асқандар мен созылмалы науқасы бар азаматтардың тағы бір вакцина алғандары дұрыс екенін айтты. Вирустың жылдам тарап жатқанын естіген түркиялықтар екпе алуға асығуда. Тіпті көптеген емханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Әйтсе де елдің денсаулық сақтау министрі дәл қазір қарбалас тудыратындай немесе алаңдайтындай үлкен қауіп жоқ екенін айтып отыр.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22