Өнім өндірушілер қолдауға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнім өндірушілер қолдауға мұқтаж

14.07.2022

Тұрақтандыру қорларын әкімдіктердің қарауынан шығару керек. Әйтпесе, пайда біреулердің қалтасына кетеді. Экономист Сапарбай Жобаев осылай дейді. Ал, бәсекелестік ортаға берсе бақылау күшейеді. Яғни, мемлекеттік органда болса тексеру кезінде «бармақ басты, көз қысты» әрекет туындайтыны анық. Негізі елді азық-түлікпен қамтуға табиғи ресурс жеткілікті. Сондықтан ең дұрысы – тікелей өндірушілерді қолдау керек. Біздің шаруалардың маңдай тері ақталмайды. Өнімін өткізе алмай, делдалдарға арзан сатады. Содан баға аспандап шыға келеді.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Тұрақтандыру қорларында берілетін ақшаны кейбір әкімдіктегі, олигархтар дейміз бе осымен шұғылданатындар. олар мәселен арзан кезінде картопты сатып алады. Көктемде оны халыққа еркін сатудың орнына қымбатқа базарға шығарып жібереді де өзінің пайдасын алады. Сондықтан бұл тұрақтандыру қорларын біз тоқтатуымыз керек.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу