Отандық үздік өнім өндірушілер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық үздік өнім өндірушілер марапатталды

25.08.2015
Отандық үздік өнім өндірушілер марапатталды

Облыстық сараптау комиссиясының бұдан бұрынырақта шығарылған бағалау қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аймақтың үздік кәсіпкерлері мен кәсіпорындарының иелерін облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев құттықтады.

Салтанатты жиында жеңімпаздар 3 аталым бойынша марапатталды.

Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Барон» ЖШС 1-орын, «ТК Метакон» ЖШС 2-орын, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС 3-орынды иеленді.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Когер ЛТД» ЖШС, «Сарқан Май» ЖШС және «Аманбаев» шаруа қожалығы үздік шықты.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «JLC Сүт» ЖШС, «Қазақ Тағамтану академиясының «Амиран» ЖШС зауыты мен «Рыбпром» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Әр жүлдегерге арнайы кубоктар, дипломдар мен 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар тапсырылып, өзге де қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Жалпы, бұл байқау-көрме отандық тауар өндірушілерді қолдау және нарықты қазақстандық, сапалы да бәсекеге қабілетті тауарлармен толықтыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Биылғы жылы аймақтық байқауға  қатысқан 32 кәсіпорынның ішінен үздік шыққан жеңімпаздардың материалдары Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысу үшін республикалық комиссияға жолданатын болады.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу