«Jas Talks» ашық диалогы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Jas Talks» ашық диалогы өтіп жатыр

14.07.2022

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» кезектен тыс VI Съезі аясында «Jas Talks» ашық диалог алаңының жұмысы жалғасып жатыр. Съездің үшінші күні партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі жастармен жүздесті. Кездесу барысында жастарды жасампаз болуға шақырды. Ұлттық код, бірлік, ынтымақ, ұйысу ұғымдары төңірегіндегі ойымен бөлісті. Съезге қатысушы жастар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ұсыныстарын да жеткізді. Ел тарихына, тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолына, тағдырына қатысты сауалдарын жолдады.

Дархан Қыдырәлі, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас директоры:

Рух деген сөздің ішінде бәрі бар деп, айтып кеттік қой. Адамның адамшылығы рухынан білінеді. Ұлттың ұлттығы да рухынан білінеді. Рухы биік болса бәсі биік болады. Сондықтан жастардың қанаты, атына заты сай рухқа айналады деп сенеміз. Жастардың рухы «Жаңа Қазақстанға» рух береді деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу