Елордада су тапшылығы мәселесі бойынша жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада су тапшылығы мәселесі бойынша жиын өтті

21.09.2023

Су тапшылығын шешу жолдары қандай? Бұл сауалға бүгін «Ауыл» партиясының республикалық кеңесінде келген мамандар жауап іздеді. Егер су үнемделмесе, 2030 жылға қарай құрғақшылық болады. Жиналғандар түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Оның ішінде су шаруашылығы бойынша кадрларды дайындау, ғылыми орталық құру, трансшекаралық өзендер ағындарының үлесін пайдалану сынды бірқатар мәселе бар.

Нұрлан Балғабаев, «Қазақ-су» ғылыми зерттеу институтының директоры

Қазіргі таңда елімізде 1,5 млн гектар жер суарылады. 2030 жылға қарай суарған жер көлемін 3 гектарға дейін жеткізуіміз керек. Сондықтан біз бірінші су өндіретін жер астымен суару, тамшылап суару, жаңбырлап суару, дискритті суару технологияларын өндіріске енгізуіміз керек. 

Хабарламаларға жазылу