Шымкентте жұмыс орнында көз жұмған 15 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Мектеп оқушысы жазғы демалысын пайдаланып, ойын-сауық орталығында еден жуушы және кассир болып еңбек еткен. Жасөспірімнің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Оның ғимарат ішінде құлап жатқанын құрбысы көріп, өзгелерге хабар берген. Алғашында "оқушы еден жуып жүрген кезінде тоққа түсіп жан тәсілім етті" деген болжам айтылғанымен, ойын-сауық орталығының қызметкерлері оны терсіке шығарды. Олардың айтуынша жөсөспірім таңертең энергетикалық сусын ішкен, содан көп ұзамай жүрегі ауырып, құлап түскен. Алайда марқұмның анасы мен туыстары мұнымен келіспейді. Өйткені куәгер құрбысы, ғимарат ішінде сол сәтте тоқтың қысқа тұйықталуы болып, марқұмның шашынан түтін шығып жатқанын айтқан. Істің ақ қарасын полиция анықтауға кірісті.
Раймхан Омаров, Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімі басшысының орынбасары:
Жасөспірімнің денесін қарай барысында ешқандай сырт көзге байқалатын дене жарақатын байқаған жоқ. Мәйіттің өлімінің себебі белгісіз болып тұр. Қосымша мәліметтер тергеу барысында белгілі болады.
Ғани Қалмаханов