Алматыда 4 бала уланып, ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 4 бала уланып, ауруханаға түсті

12.07.2022

Алматыдағы қонақүйде қандалаға қарсы жүргізілген дезинсекция салдарынан төрт бала уланып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер олардың халі орташа деп отыр. Осы оқиға жөнінде бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұрған әріптесім Фариза Мұсақызы баяндайды. Фариза, оқушылардың жағдайы қалай?

Қаладағы жедел шұғыл медициналық қызмет көрсету орталығына бірден 17 бала таңғы сағат 4-те жеткізілген. Олар құсу, әлсіздік пен дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Медициналық тексерістен соң көпшілігі қайтарылды. Алайда, 4 пен 15 жас аралығындағы төрт оқушыға ауруханаға жатуға тура келді. Дәрігерлер оларға «ингаляциялық улану» диагнозын қойып отыр. Бүгінде бүлдіршіндердің жағдайы орташа ауыр, протокол бойынша ем қабылдап жатыр,-дейді мамандар. Біз осының алдында сол медициналық мекеменің мамандарымен сұқбаттасқан едік. Режиссерлер сол бейнематериалды назарларыңызға ұсынса.

Алуа Жексенова, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Бұл ингаляциондық улану болып саналады. Және шашқан кезде ауадан жеңіл заттың бәрі жоғары қарай көтеріледі. Ол баланың қаншалықты жоғарыда жатуына байланысты. Бүгінгі таңдағы жағдайларына байланысты ертең немесе арғы күні шығады. Жағдайлары тұрақты, яғни. Емнің нәтижесі оң.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Балалар бапкерлерімен бірге Алматыға Павлодар облысынан жарысқа келген. Қаланың Медеу ауданындағы «Түркістан» қонақ үйіне тұрақтаған. Бұл ретте, сол қонақ үйге біз де барып, оқиғаның мән-жайын білейік деп едік, басшылық қандай да бір жауап беруден бас тартты. Тіпті, балалардың сонда жүргізілген дезинцекция шараларынан уланғанына күмән келтіріп отыр.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу