Қазір елімізде АИ-95 маркалы бензиннің 40 мың тонна қоры бар. Энергетика министрлігі осылай деп хабарлады. Нарықтағы ай сайын тұтыну көлемі 70 мың тонна. Нұр-Сұлтанда 16 күндік қор бар. Жауапты министрлік жанар-жағармай жеткізуге шектеу болса, түсініктеме алу үшін жанармай құю станциясына хабарласуды сұрады.
Helios пен Qazaq Oil секілді ірі станциялар әзірге АИ-95 бензині жеткілікті екенін және талонсыз ақшаға сатылып жатқанын жеткізді. Демалыс күндері әлеуметтік желіде жанармайды талонмен сатуға қатысты ақпарат тарағанын еске саламыз. Сонымен бірге ертеңнен бастап елден мұнай өнімдерін шетелге көлікпен әкетуге тағы жарты жылға тыйым салынады. Бағасына тоқталсақ, қазір АИ-98- 235-240 тг, АИ-95 215, 92 маркалы бензин 182 теңгеге сатылып жатыр.
Ақерке Бектас