Оралда электр жөндеуші маманды тоқ соғып, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда электр жөндеуші маманды тоқ соғып, мерт болды

11.07.2022

Оралда электр жөндеуші маманды тоқ соғып, мерт болды. Оқыс оқиға бүгін күндіз, сағат он бірдің шамасында болған. Екі маман электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.Тоқ ұрып, екеуі де ауруханаға түсті. Біреуінің жағдайы оңалып, палатаға ауыстырылған. Алайда отыз жастағы ер азаматты құтқару мүмкін болмады. Оның денесінің 55 пайызын күйік шалған. 

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу