Субұрқақтан тоқ соққан екі қыз бала ауруханадан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Субұрқақтан тоқ соққан екі қыз бала ауруханадан шығарылды

25.06.2021

Алматыдағы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккен екі қыз бала ауруханадан шықты. 8 және 10 жастағы қос жеткіншек ем алуды үйлерінде жалғастырып, дәрігерлердің бақылауында болмақ. Қазір олардың денсаулығына еш шағымы жоқ. Ал, қызын құтқарамын деп жүріп, өзі де тоққа түскен әйел әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 28 жастағы тұрғынның жағдайы ауыр, бірақ жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды дейді, қалалақ денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Еске салайық, өткен сенбі күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта ойнап жүрген балаларды тоқ соғып, оларды құтқармақ болған әйел адам зардап шеккен еді.  

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу