Қостанайдағы халықаралық әуежайдың төбесінен су ағып кетті
Қатты жауған нөсерден Қостанайдағы халықаралық әуежайдың төбесінен су ағып кетті. Салдарынан бірінші қабаттағы күту алаңын су басты.
Әуежай ғимаратының күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілгеніне көп уақыт өткен жоқ. Тұрғындарды қыруар қаржы жұмсалған жұмыстың сапасыз жүргізілгені қынжылтады. Әуежай басшылары бәрін нөсердің күшті болғандығынан көріп отыр. Яғни суағарлар жаңбыр суын өткізіп үлгермепті.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы әуежайға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09