Халық бұрынғы Альфа-Банктен әлі күнге дейін ақшасын шетел валютасы арқылы шектеусіз ала алмай жүр
Халық бұрынғы Альфа-Банктен әлі күнге дейін ақшасын шетел валютасы арқылы шектеусіз ала алмай жүр. Атауын қазір Eco Center Bank деп ауыстырғанымен, тәуліктік шектеулер әлі алынбаған. Бұған жауаптылар банктің әлі санкциялар тізімінен алынбауы себеп дейді. Дегенмен шілдеден бастап банкомат мен бөлімшелердегі шектеуді 200 мың теңгеден 500 мыңға дейін көтерді. Ал мобильді қосымша арқылы енді 100 мың емес, 500 мың теңгеге дейін ақша аударуға болады. Банкте шетел валютасында сақталған ақшаның бәрін алу үшін оны теңгеге ауыстыру қажет. Еске салайық, санкцияға іліккен соң сәуірде Альфа-Банктен азаматтар қаржысын жаппай алуға асықты. Мамырда банктің 100% акциясын Центр Кредит банкі сатып алды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22