Алматыдағы ірі автосалондар азаматтарды қосымша ақылы қызмет алуға міндеттеген
Алматыдағы ірі автосалондар монополияға қарсы заңды бұзып, азаматтарды қосымша ақылы қызмет алуға міндеттеген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік салондарының әрекетінен осындай заңды бұзу дерегін анықтаған. Олардың ішінде «Астана моторс», Orbis Auto секілді компаниялар да бар. Автосалондар тұтынушыларға қосымша тауарларды сатып алуда, сонымен бірге көліктерді сату бойынша қызмет көрсетуде бәсекелестік заңнамасын бұзған. Агенттік оларға бұл әрекетті тоқтатуға және алдағы уақытта жол бермеуге қатысты хабарлама жіберген. Егер компаниялар тез арада заңсыз әрекетін тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04