Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

08.07.2022

Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды. Жаңа ұйым аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы моно қаланың экономикасын көтеріп, халықтың жағдайын жақсартуды көздейді. Бүгін қауымдастықтың жалпы отырысы өтіп, жоспары бекіді.

Қауымдастықтың құрамына 34 кәсіпкер енді. Олар 4 бағыт бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Әуелі, 2 айдың ішінде ауыл шаруашылық, туризм, сауда, жұмыс орындарын ашу, жастарды оқыту халыққа қызмет көрсету салаларына сараптама жүргізілмек.

Жалғас Мырзағалиев, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

Кәсіпкерлермен үкіметтік ортасында связь жоқ былай айтқанда. Естімейді бір-бірін. Қандай проблемалар кәсіпкерлікте нағыз проблемаларды жинап жинап, сол жерден барып бір шешім қабылдаймыз. Сол ұсыныстарды қамқоршылық кеңес арқылы Қазмұнайгазға. Үкіметке, Самұрық қазынаға жолдаймыз. Өзіміздің кедергілерді шешіп беруін.

Қауымдастықтың алғашқы отырысында қамқоршылық кеңес құрылып, оған 8 адам таңдалды.

Абылай Мырзахметов, Жаңаөзен кәсіпкерлер қауымдастығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

Осы ассосацияға кірген жетгілікті өндірісті істей аламын дейтін, қолынан іс келетін азаматтардың басын біріктіріп, Өзенмұнайгазбен бастарын біріктіріп, Содан керекті 3 жылдық 5 жылдық заказдарды алып, осы арада өндіріс көздерін ашу. Жұмыс көздерін ашу.

Қауымдастық жергілікті мұнай компаниясының тапсырысы арқылы 23 жобаны жүзеге асыруға дайын отыр. Тек техникалық, қаржылық мәселелері шешілсе. Нәтижесінде жаңадан 600 ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының экономикасын жан-жақты дамыту жоспарының жобасы әзірленеді. Құжат қала тұрғындарының назарына және жергілікті атқарушы органның талқылауына ұсынылмақ.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу