«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: «Мың бала» жобасы арқылы екі жылда 106 мың өзге ұлт өкілі қазақ тілін еркін меңгерген

08.12.2016
Ел бірлігі - Тәуелсіздік жетістігі
Қазақстанның 25 жылдағы басты жетістіктерінің бірі – ел бірлігі. Астанада бас қосқан шетелдік ғалымдар осындай пайымға келіп отыр. Тәуелсіздіктің мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстанның өткені мен бүгіні, мәдени мұрасы және инновациялық жетістіктері талқыланды.

Айта кетерлігі, екі күндік жиынға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік сарапшылармен қоса, атамекеннен жырақта жүрген қандастарымыз да қатысып жатыр.

Қазақ Мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматыда Қазақ Мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда белгілі ғалымдар тәлімгерлеріне еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері туралы баяндама оқыды.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтарды еңсерудегі стратегиялық бағдарламалары мен ұтымды саясаты жастарға нақты деректермен түсіндірілді.

«Мың бала» жобасына 500 мыңнан астам адам қатысты

«Мың бала» жобасының нәтижесінде екі жылда 106 мың өзге ұлт өкілі қазақ тілін еркін меңгерген. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының қолға алған жобасы. Еліміздің барлық аймағын қамтыған ауқымды шара бірлікті, достықты нығайтып, болашағымызды баянды етуге бағытталған.



Осы және өзге де ақпараттар туралы толығырақ сағат 17:30-дағы «Kaznews» жаңалықтарынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу