Елордада мейрамхана әкімгерімін деп таныстырып ақша алған жігіт ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мейрамхана әкімгерімін деп таныстырып ақша алған жігіт ұсталды

08.07.2022

Ақша табу үшін айланың түр-түрі шықты. Бұл жолы елордалық 33 жастағы жігіт ұсталды. Ол банкет өткіземін деп біреудің 590 мың теңгесін қағып кеткен. Жәбірленуші оның мейрамхана әкімгері ретінде залдың әдемі суреттерін желіге жүктеп, хабарландыру қалдырғанын айтады. Соның құрығына түсіп қалыпты. Сөйтіп ғимаратты күні бұрын бекітіп қою үшін жарты миллионнан астам қаржысын аударып жіберген. Ақшаны алған адам байланысты үзген. Бірақ, күдікті қолға түсті. Оған алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу