Қарағанды облысында зейнеткерден ақша бопсалаған 23 алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында зейнеткерден ақша бопсалаған 23 алаяқ ұсталды

10.07.2023

Қарағанды облысында зейнеткерлерден ақша бопсалаған 23 алаяқ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің арнайы брифингінде айтылды. Алаяқтар егде жастағы адамдардың үй телефондарына хабарласып, туысының қандай да бір апатқа кінәлі болғанын айтып отырған. Оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін шұғыл түрде төлем жасау қажеттігін хабарлаған. Сәуір, мамыр айларында аймақта осындай 61 қылмыс тіркеліп, оның 35-і ашылды. Сондай-ақ, алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып түрлі сылтаумен – несие рәсімдеуге кеңес береді. Шоттардан ақша ұрлау үшін «AnyDesk», «TeamViewer» тыңшылық қосымшаларын орнатуға, сондай-ақ SMS-парольдер, банк карталарының CVV кодын айтуды сұрайды. Тәртіп сақшылары осындай жағдайларда бірден полицияға хабарласуға кеңес берді.


Хабарламаларға жазылу