Әуесқой аңшылар мен қарапайым тұрғындарға киік атуға рұқсат берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуесқой аңшылар мен қарапайым тұрғындарға киік атуға рұқсат берілмейді

07.07.2022

Әуесқой аңшылар мен қарапайым тұрғындарға киік атуға рұқсат берілмейді. Бұл шаруамен арнайы мекеме мамандары айналысады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының айтуынша қазір арнайы жұмыс тобы құрылған. Киік санын реттеуге байланысты дөңгелек үстелде экобелсенділер ақбөкенді атуға қарсы шықты. Олар мараторийді 2025-жылға созу керек деген пікірде. Алайда шаруалар киіктің көптігінен шығынға баттық деп уәж айтты. Соңғы санақ бойынша 1 млн 300 мың киік бар. Орал популяциясы 800 мыңға жеткен. Ғалымдар биологиялық негіздеме жасап, 80 мың киікті ату арқылы санын реттеуге болады деп отыр. Жалпы, киіктер мәселесі шаруалардан шағым түскен соң көтерілді. Қыркүйектің ортасына қарай реттеу жұмысы басталуы мүмкін.

Нұрлан Қылышбаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:

Біз жұмыс тобын құрып жатырмыз қазір. Институт зоология мамандары, охотзоопром мамандары. Нақты аңшыларды шақырып, соларды кіргізіп. Ассоциациялары болады.

Сәкен Ділдәхмет, эколог:

Ертең өндірістік мақсатта қолдану үшін біз кем дегенде киіктің басы 2-3 млн болу керек. Жыл сайын 20,30 пайызға дейін киік атылатын болса өндірістік мақсатта, жыл сайын оның популяциясын қайта жаңарып тұруға мүмкіндік туады. 1 млн басты бүгін атамыз деу орынсыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу