Халықаралық әріптестік: Мемлекет басшысы Еуропа Одағының президентімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық әріптестік: Мемлекет басшысы Еуропа Одағының президентімен сөйлесті

04.07.2022

Қазақстан - Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында «аралық нарық» рөлін атқаруға дайын. Еуропа Одағының президенті Шарль Мишельмен телефонмен сөйлесу барысында, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуалға байланысты осылай деді. Мемлекет басшысы Еуропа одағын балама транс құрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ісінде, ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін, өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу