Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен сөйлесті

05.10.2022

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефонмен сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу