Алматыда Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшалары анықталды. Мамандар енді көлге түсу өте қауіпті екенін айтады. Қазір бізбен мегаполистен әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін осы мәселені талқылау үшін Төтенше жағдайлар департаменті санитар дәрігерлермен бірлесе жиын өткізді. Нәтижесінде қоймадағы суды толық ағызып жіберу туралы шешім қабылданды. Себебі, алынған сынама нәтижесі зиянды заттардың деңгейі қалыпты мөлшерден бес есеге артқанын анықтаған. Төтенше қызмет мамандарының хабарлауынша, соңғы кезде күннің ысуына байланысты Сайранға шомылатын тұрғындардың саны күрт көбейген. Осыған байланысты арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстары аяқталғанша тұрғындарды суға түспеуге шақырады. Көлдегі суды ағызып жіберуге кемі 2-3 күн уақыт кетеді. Кейін қойманы қайта толтыру жоспарланған.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18